Соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімінің бас маманы
ҚР Сот әкімшілігі
Павлодар облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: Кәсіпкерлік, басқару және құқық (Экономика және/немесе Қаржы және/немесе Есеп және аудит және/немесе Менеджмент және/немесе Мемлекеттік аудит және/немесе Құқықтану).
Функционалды міндеттер
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады; мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың жобаларын, конкурстық құжаттаманы жасайды және ресімдейді; Жоғарғы Соттың интернет-ресурсына және мемлекеттік сатып алу веб-порталына кейіннен орналастыра отырып, хаттамаларды және конкурстық құжаттаманы ресімдейді; бір көзден алу тәсілімен (егер конкурс болмаса) конкурстар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб-порталында ерекше тәртіпті қолдана отырып, конкурстар жөнінде шарттардың жобаларын жасайды; ғимараттарды және үй-жайларды сатып алу бойынша өткен конкурстың қорытындылары жөнінде шарттарды ресімдейді, кейіннен тіркеуші органдарда тіркейді; веб-порталда хабарландыруларды орналастырады, веб-порталмен жұмыс істейді; жергілікті соттардың және сот кеңселерінің ғимараттары мен үй-жайларын күзетуді жүзеге асырады; кадр қызметімен бірлесіп, кейіннен ұйымдастыру іс-шараларын өткізе отырып, біліктілікті арттыру курстарында қызметкерлерді оқытудың жылдық жоспарын жасайды; мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістерді енгізу және Интернет-ресурсқа енгізу үшін жауапты болады; судьялар үшін қызметтік тұрғын үйді сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады; Функционалдық блок «В».
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
718-0203@sud.kz
- 07.08.2024
- Павлодар қ., Жеңіс алаңы көшесі, 1
-
8(7182) 70-45-20