Соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімінің материалдық-техникалық жабдықтандыру секторының бас сарапшысы, В-5 санаты, 1 бірлік
ҚР Сот әкімшілігі
Астана қаласы
В-5 (күші жойылды) (27.12.2024) Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
4) депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Материалдық және іс жүргізу заңнамасын; ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес; Word, ExceI, E-mail, Internet бағдарламалары бар компьютерде жұмыс істеу дағдысының болуы.
Функционалды міндеттер
Ғимараттардың, үй-жайлардың құрылысын салу, күрделі және ағымдағы жөндеу мәселелері бойынша есептерді, талдамаларды және қорытуларды дайындау; аумақтық органдардың ғимараттарды салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттамасын қарау; қорытындылар дайындау, Сот әкімшілігінің теңгеріміндегі негізгі құралдарды, құндылығы шамалы және тез тозатын заттар мен басқа да материалдық құндылықтардың ұтымды пайдаланылуын, сақталуын қамтамасыз ету, соттарды материалдық-техникалық жабдықтаудың өзекті мәселелерін анықтау мақсатында талдау жүргізу, санитарлық, гигиеналық және өндірістік нормаға сәйкес еңбектенуге жағдай жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
707-0070@sud.kz
- 04.07.2024
- Астана қаласы, Д. Қонаев к-сі, 39, сондай-ақ онлайн форматта
-
8 (7172) 71-00-70