Екібастұз қалалық сот әкімшісінің бас маман – сот отырысының хатшысы

Мемлекеттік орган

ҚР Сот әкімшілігі

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

210086

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету

Функционалды міндеттер

Судьяның сот талқылауына істі дайындау кезінде қажетті жұмыстарды орындайды (сұрау салуларды, хаттарды, соттың шақыру қағаздарының көшірмелерін дайындау және т.б.); процеске қатысушыларды және куәларды шақырады; істерді қараудың апта сайынғы кестесін жасайды және оны сот әкімшісіне береді; сот отырысына келген адамдардың келуін тексереді және олардың шақыру қағаздарына сотта болу уақытын белгілейді; сот отырысының хаттамаларын жүргізеді; оның толықтығы мен дұрыстығына жауапкершілік көтереді; алдын ала тыңдаудан және басты сот талқылауынан кейін қылмыстық істерді ресімдейді, оларды қарағаннан кейін азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді ресімдейді; істерді есепке алу журналында қарау нәтижелерін белгілейді; процеске қатысушыларға  заңда белгіленген мерзімдерде тапсыруға жататын сот актілерінің көшірмелерін (шешімдерін, үкімдерін, қаулыларын) таратады немесе береді; процеске қатысушыларға және тараптарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарсылық беруге құқығын түсіндіре отырып, апелляциялық шағымдардың немесе наразылықтың көшірмелерін жібереді және хабарлайды; үкімдерді, шешімдерді, сот бұйрықтары мен сот қаулыларын орындауға келтіреді; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге істерді жоғары тұрған сотқа жібереді; процеске қатысушыларға апелляциялық сатыдағы сотта істің тыңдалатын күні туралы хабарлайды; сот істерін белгіленген мерзімдерде сот кеңсесіне тапсырады; анықтама парақтарын жасайды. Функционалдық блок «В».

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.06.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.06.2024 – 13.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 мб

Сұхбаттасу күні

17.06.2024

Сұхбаттасу орны

г. Павлодар ул. Площадь Победы, 1

Анықтама алу үшін байланыс

7182704520