Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы (С-R-4 санаты, 1 бірлік, индексі №10-1-2)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

224624

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Сот отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Сот отырысының хаттамаларын уақытылы және сапалы түрде дайындайды,  электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып, Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне  хаттамаларды салады. Істердің, арыздардың, өтініш хаттардың, оларға тіркелген құжаттардың және заттай дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Істер қаралғаннан кейін оларды ресімдеуді жүзеге асырады. Алқаларда қаралған істер мен материалдар жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне деректердің енгізілуіне жауапты адамға уақытылы беруді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.03.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.04.2024 – 03.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 35 МБ

Сұхбаттасу орны

Қызылорда қаласы, Әйтеке би 29, 1 этаж,ҚР Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде өтеді.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7242) 55-12-09