Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы
ҚР Сот әкімшілігі
Павлодар облысы
210084
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Информатика
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Есептеу техникасы және ақпараттық желілер
Қосымша талаптар
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: Кәсіпкерлік, басқару және құқық (Құқықтану және/немесе Мемлекеттік және жергілікті басқару/ Заңгер); Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (Мұрағаттану, құжаттама мен құжаттамалық қамтамасыз ету); Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (Информатика және/немесе Ақпараттық жүйелер және/немесе Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру және/немесе Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (салалары бойынша) және/немесе Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша).
Функционалды міндеттер
«ТӨРЕЛІК» АЖ келіп түскен ұсыныстарды, арыздарды, шағымдарды есепке алады және тіркейді, оларды қарау мерзімдерінің сақталуын бақылайды; сот практикасын талдауға қатысады; соттың жедел кеңесін дайындайды, хаттамасын жүргізеді; жеке қаулыларды, ұйғарымдарды есепке алады және олардың орындалуын бақылайды; республиканың басқа соттарының және халықаралық келісімдерге сәйкес келіп түскен шет мемлекеттердің сот тапсырмаларын есепке алуды жүргізеді; сот төрағасы жүзеге асыратын азаматтар қабылдауын тіркейді және есепке алады; қылмыстық, азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мен материалдар бойынша іс қағаздарын жүргізеді; қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мен материалдарды есепке алады және сақтайды; нарядтарды, журналдарды, карточкаларды, әліпбилік нұсқауларды жүргізеді; істерді сот кеңсесіне уақытында тапсырылуын және істердің апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге жоғары тұрған сотқа жіберілуін бақылайды; істерді жіберу туралы жоғары тұрған соттардың сұрауларын уақытында орындайды; сот үкімдерін, шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын орындау бойынша құжаттарды дайындайды әрі жібереді және орындалуы туралы хабарламаның алынуын бақылайды; заттай дәлелдемелерді тіркейді, есепке алады, сақтайды және жояды; аяқталған істерді, журналдар мен карточкаларды дайындайды және мұрағатқа тапсырады; компьютерлік, көбейту және басқа да ұйымдастыру техникасымен қызмет көрсетеді.Функционалдық блок «В».
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
718-0204@sud.kz
- 20.02.2024
- Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі,1
-
87182704520