Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қаржы бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезеңіне 21.02.2026ж. дейін)
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент
Маңғыстау облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Өткізілетін ақша қаражаты бойынша инвентаризацияға қатысу; мемориалдық ордер жасау; материалдық қаражатты үнемдеуге ұсыныс беру; ай сайынғы еңбек ақыны уақытылы есептеу; тиісті органдарға белгіленген мерзімде есеп беру; бухгалтерлік есеп құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету; еңбек ақы, салық және зейнетақы қорына аударылатын қаржының дұрыс есептелуіне қамтамасыз ету; статистикалық есептерді уақытылы және сапалы орындау; өнім берушілердің дебиторлық және кредиторлық есеп айырысу актілерін жасау; шаруашылық операциялардың жасалу фактісін белгілейтін және бухгалтерлік жазбалар үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар мен оларға қосымшаларды, яғни шот-фактуралар мен тауар құжаттамасын жинақтау; жанар-жағар майды тарату; шығысталған ЖЖМ бойынша жол қағаздары мен шығыстану парақтарын жүргізушілерімен уақытылы жинақтау арқылы №13 А мемориалдық ордер жүргізу; кеңсе және шаруашылық тауарларының таратылу жұмыстарының есебі бойынша уақытылы №13 мемориалдық ордерді жүргізу; негізгі құрал мен материалдық құндылықтар бойынша инвентарлық түгендеу жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.11.2023
- «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ, 130000, Ақтау қ., 8 ш/аудан, №39В ғимарат
-
8(7292)701421