Екібастұз қалалық соты әкімшісінің бас маманы

Мемлекеттік орган

ҚР Сот әкімшілігі

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-R-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

195302

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

«ТӨРЕЛІК» АЖ келіп түскен ұсыныстарды, арыздарды, шағымдарды есепке алады және тіркейді, оларды қарау мерзімдерінің сақталуын бақылайды; сот практикасын талдауға қатысады; соттың жедел кеңесін дайындайды, хаттамасын жүргізеді; жеке қаулыларды, ұйғарымдарды есепке алады және олардың орындалуын бақылайды; республиканың басқа соттарының және халықаралық келісімдерге сәйкес келіп түскен шет мемлекеттердің сот тапсырмаларын есепке алуды жүргізеді; сот төрағасы жүзеге асыратын азаматтар қабылдауын тіркейді және есепке алады; қылмыстық, азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мен материалдар бойынша іс қағаздарын жүргізеді; қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер мен материалдарды есепке алады және сақтайды; нарядтарды, журналдарды, карточкаларды, әліпбилік нұсқауларды жүргізеді; істерді сот кеңсесіне уақытында тапсырылуын және істердің апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге жоғары тұрған сотқа жіберілуін бақылайды; істерді жіберу туралы жоғары тұрған соттардың сұрауларын уақытында орындайды; сот үкімдерін, шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын орындау бойынша құжаттарды дайындайды әрі жібереді және орындалуы туралы хабарламаның алынуын бақылайды; заттай дәлелдемелерді тіркейді, есепке алады, сақтайды және жояды; аяқталған істерді, журналдар мен карточкаларды дайындайды және мұрағатқа тапсырады; компьютерлік, көбейту және басқа да ұйымдастыру техникасымен қызмет көрсетеді. Функционалдық блок «В».

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.10.2023 – 18.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

20.10.2023

Сұхбаттасу орны

Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8(7182)704520