Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне 30.06.2025 ж. дейін)
ҚР Сот әкімшілігі
Павлодар облысы
225881
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Қызметі бойынша, қызметке тағайындау және босату туралы, жергілікті соттар судьяларының демалыстары (кесте бойынша) туралы бұйрықтар жобаларын дайындайды; Сот төрағасы өкімдерінің жобаларын дайындайды; жергілікті соттар судьяларының, мемлекеттік қызметкерлерінің, штаттан тыс қызметкерлердің жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу, есепке алу, сақтау бойынша жұмысты жүргізеді; судьялардың деректерін «Қазақстан Республикасының соттары мен судьялары» кадрларды есепке алу ақпараттық жүйесіне енгізеді. Базаны жүргізу және енгізілетін ақпарат үшін дербес жауапкершілік көтереді. Күн сайын репликация жүргізеді; судьялардың, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің және штаттан тыс қызметкерлердің әскери есепке алынуын жүргізеді, қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органмен салыстыруды жүргізеді; соттар судьяларының, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің және соттардың штаттан тыс қызметкерлерінің жеке карточкаларын жүргізеді, оларға өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы енгізеді; жергілікті соттар судьяларын оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізеді; қызметтік куәліктерді есепке алу және беру, судьялардың көшуі бойынша және жерлеуге жәрдемақыларды төлеу журналдарын жүргізеді; жергілікті соттар судьяларына қызметтік куәліктерді әзірлеу және беруге өтінімдерді дайындайды және Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне жібереді; жергілікті соттар судьяларына көтермелеу және т.б. мәселелер бойынша мінездемелер мен ұсынымдар дайындайды; жергілікті соттар төрағалары мен судьяларына түйіндемелерді дайындайды; Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына қызметтік тексерісті жүргізу үшін судья лауазымына үміткер адамдарға материалдарды уақытында жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады; Жоғары Сот Кеңесінің отырысына төрағалар мен судьялардың құжаттарын дайындайды; жергілікті соттар судьяларының мемлекеттік қызмет өтілін санау жөніндегі комиссиясының хатшысы болып, жұмысын жүргізеді; аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады және жұмысын жүргізеді, сот кеңсе мемлекеттік қызметкерлерінің аттестациядан өтуі туралы есепті жасайды; судьялар мен сот кеңсе қызметкерлерінің және штаттан тыс қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу табелін жасайды; Жоғарғы Сотпен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және бөлімнің өндірісінде болған құжаттар бойынша қатынасхаттар жүргізеді; сот кеңсе қызметкерлерінің еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы талаптарының және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің» сақталуын бақылауды жүзеге асырады; кадр мәселелері бойынша сот отырыстарына қатысады; заңда белгіленген мерзімдерде жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарайды; судьялардың табыс салығы бойынша жыл сайынғы декларациялардың тапсыруын бақылайды; жеке істерге анықтама көшірмелерінің тігілуін қамтамасыз етеді; қызметінен босатылған судьялардың жеке істерін мұрағатқа тапсырады; есептік кезеңнен кейінгі 10-шы күннен кешіктірмей жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне судья кадрларының өту талдауын ұсынады; есептік жылдан кейінгі 3-ші күннен кешіктірмей Департаментке облыстық соттардың төрағалары мен сот алқа төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының сандық және сапалық құрамын ұсынады; Жарлық шыққан күннен бастап бір айдың ішінде Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - ЖСК) туралы регламенттің 100-тармағына сәйкес Департаментке қағаз тасымалдағышта жаңадан тағайындалған соттар төрағаларының құжаттарын ұсынады; жергілікті соттар судьяларының штат саны туралы ақпаратты ұсынады; Президент Жарлығы шыққан күннен бастап бір айдың ішінде Департаментке судья қызметіне тағайындалған және қызметінен босатылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының түлектері туралы мәліметті ұсынады; судьялыққа кандидаттарға және судья қызметіне орналасу үшін ЖСК ұсынған адамдарға арнайы тексерістер бойынша жұмысты тиісінше ұйымдастыру туралы мәліметті Департаментке ұсынады; тоқсан сайын, 3-ші күннен кешіктірмей Департаментке судьялардың, сот кеңсе қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату туралы және судьялардың жоғары тұрған соттарда өткен тағылымдамасы туралы ақпаратты ұсынады; мемлекеттік қызметкерлер мен штаттан тыс қызметкерлердің деректерін «Қазақстан Республикасының соттары мен судьялары» кадрларды есепке алудың ақпараттық жүйесіне енгізеді. Базаны жүргізу және енгізілетін ақпарат үшін дербес жауапкершілікті көтереді; конкурстық комиссияның хатшысы болып табылады және жұмысын жүргізеді, жариялау үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға хабарландырудың жобасын дайындайды, конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдайды; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға өткізілген конкурстар туралы есептер жасайды, жаңадан қабылданған қызметкерлермен еңбек шартын жасайды; мемлекеттік қызметке түскен және ауысу тәртібімен тағайындалған адамдарға сауалдарды толтырады және ҚСжАЕК Басқармасына жібереді; Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары арнайы тексеріс жүргізу үшін мемлекеттік қызметке үміткер адамдарға материалдарды уақытында жіберу бойынша жұмысты жүргізеді; міндетті арнайы тексерістің оң нәтижесін алған әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің ант беру тізімін жасайды және де жүргізілуін ұйымдастырады; мемлекеттік қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы талаптарының және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің» сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Департаментінің аумақтық органына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне ұсыну үшін мемлекеттік қызметшілер санының мониторингі бойынша есептерді жасайды; сот кеңсе қызметкерлерінің мінездемелері мен қызметтік тізімдерін дайындайды; қызметтік куәліктерді есепке алу және беру журналын жүргізеді. Жұмыстан шығарылған қызметкерлердің қызметтік куәліктерін жою жөнінде шаралар қолданады; қызметінен босатылған кеңсе қызметкерлерінің жеке істерін мұрағатқа тапсырады; тоқсан сайын 3-ші күннен кешіктірмей Департаментке әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос орындары туралы мәлімет ұсынады; әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасын бақылау журналын жүргізеді; мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; кеңсе қызметкерлерінің табыс салығы жөнінде жыл сайынғы декларация тапсыруын бақылайды, жеке істерге анықтама көшірмелерінің тігілуін қамтамасыз етеді; жаңадан қабылданған штаттан тыс қызметкерлермен келісімшарттар жасайды; тәртіптік теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ, сот кеңселерінің қызметкерлеріне өтініштер мен шағымдар бойынша қызметтік тексеріс жүргізу жөнінде жұмысты жүргізеді; тәртіптік комиссияның хатшысы болып табылады және жұмысын жүргізеді, тәртіптік комиссияның қарауына материалдарды дайындайды және қызметтік тексеріс жүргізу туралы, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтардың жобаларын әзірлейді; тәртіптік жауапкершілікке тартылған және тәртіптік жазалары мерзімінен бұрын алған адамдарды есепке алуды жүргізеді; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басқармасына және Департаментке ай сайын А-3 нысаны бойынша мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін сот қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі және А-4 нысаны бойынша 30-күнге дейін Ар-намыс кодексі бойынша есептерді ұсынады; тоқсан сайын, 30-шы күннен кешіктірмей Департаментке сот жүйесінің қызметкерлеріне (әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге) тәртіптік жаза қолдану туралы ақпаратты ұсынады; кейіннен бекітуге ұсыну үшін штаттан тыс қызметкерлердің санын штаттық орналастыру жобасын әзірлеуді жүзеге асырады; заңда белгіленген мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; басшылық тапсырмалары мен бұрыштамаларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
718-0200@sud.kz
- 23.08.2023
- Павлодар қ., Жеңіс алаңы көшесі, 1
-
87182704520