Тараз қаласының № 2 соты әкімішісінің жетекші маманы (01.05.2024 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу мерзіміне), НС-5-8-2.
ҚР Сот әкімшілігі
Жамбыл облысы
168576
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
(Лауазым деңгейі блок В-2) Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іcтерді, әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы іс және материалдарды, жүктелімдерді және журналдарды қабылдайды, есепке алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді; материалдарды тіркеу, есепке алу, уақытылы қаралуын бақылау және статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу және құжаттар арасында бумалар жүргізу, есептік құжаттардың дұрыстылығы мен анықтылығына жауапты болады; қызметтік хат алмасуды жүргізу; ағымдағы құжаттаманы рәсімдеу; сот актілерін орындауға байланысты материалдарды тіркеу және уақытылы қаралуын бақылау, материалдар бойынша статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу, материалдарды мұрағатқа уақтылы өткізуді бақылау; материалдарды автоматты түрде бөлу; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бipгe істерді жоғарғы тұрған сотқа жіберуді бақылауды жүзеге асыру, апелляциялық қарауға сотқа түскен сот істерін «Төрелік» бағдарламасында есептік тіркеу карточкаларын тиісті түрде уақтылы толтыру, бірінші сатылы сот инстанциясының сот актілерін сканерден өткізу, есептік тіркеу карточкаларына енгізу және оларды сайтқа орналастыру; келіп түскен хат-хабарлардың сәйкес орындаушыға келесі күннен кешікпей журналға сенімхат жазумен жіберілуін қамтамасыз етеді; іс қағаздарының талабы есебімен кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді және олардың жедел түрде өтуін қамтамасыз етеді, барлық шығыс хат-хабарларының уақтылы жіберілуіне жауапты, пошта белгілерінің сақталуын және мақсатты шығындалуын қамтамасыз етеді; мұрағатқа келіп түскен барлық сұраныстарды уақтылы орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.08.2023
- Тараз қаласы, Төле би даңғылы 90
-
8 (7262) 999135