Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің құжат айналымы бөлімінің жетекші маманы, Н-1-5-19.

Мемлекеттік орган

ҚР Сот әкімшілігі

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

С-О-6 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

194976

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-6 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

(Лауазым деңгейі блок В-3) Шығыс хат-хабарларын, істерін қабылдап, оның дұрыс рәсімделуі мен тіркелген құжаттардың дұрыстығын тексереді; соттың шығыс хат-хабарларын ««ТӨРЕЛІК» АЖ» бағдарламасына мезгілінде тіркейді; пошта арқылы жөнелтілетін шығыс хат-хабарларды ШПИ қызметі арқылы тиісінше жолдануына бақылау жүргізеді; Іс номенклатурада қарастырылған нарядтарды жүргізу, құжаттарға «Мұрағат» бөлігін мезгілінде толтыру міндетін атқарады; облыстық соттың кеңсе мамандарымен «Төрелік» АЖ бағдарламасы бойынша жолданған «Тіркелуі күтілуде» бөлімінде бар құжаттарды мезгілінде тексеріп отырады, шығыс нөмірін мезгілінде береді және жолдайды; рәсімделген құжаттарды конверттерге салып, мекен-жайларды дұрыс толтырып, жөнелтуге әзірлеу жұмыстарын жүргізеді; пошта байланысы бөлімшелері арқылы жөнелтуге жататын шығыс хат-хабарларын қалыптастыру және жөнелту «ТӨРЕЛІК» АЖ-де пошта жөнелтілімдерін өңдеу және жөнелту жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес жүзеге асырады; әр айдың соңғы күні жөнелтілген шығыс құжаттарының реестр бойынша жұмсалған конверттер және маркілер жөнінде есеп береді; күнделікті тапсырыс, жай, бандерольды поштамен жіберілетін шығыс құжаттарын жөнелту және жөнелтілген құжаттар бойынша есеп береді; ШЫҒЫС», «ҚБПҮ», «Пакеттер үшін» белгілері бар соттың мөртаңбаларының сақталуын және тиісті түрде пайдаланылуын қамтамасыз етеді; сот шабарманының шығыс құжаттарды мезгілінде тапсыру жұмысына бақылау жүргізеді; Департамент басшысы мен оның орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.07.2023 – 31.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.08.2023

Сұхбаттасу орны

Тараз қаласы, Төле би даңғылы 90

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7262) 999135