Павлодар қалалық сот Әкімшісінің басшысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Павлодар облысы
298134
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Информатика
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Қосымша талаптар
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: Кәсіпкерлік, басқару және құқық (Құқықтану және/немесе Мемлекеттік және жергілікті басқару); Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (Мұрағаттану, құжаттама мен құжаттамалық қамтамасыз ету); Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (Информатика және/немесе Ақпараттық жүйелер және/немесе Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру).
Функционалды міндеттер
Сот әкімшісі қызметкерлерінің арасында жұмыстарды бөледі және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды; сот қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін бақылайды; талап арыздарды қабылдайды; сот өкімдерінің кітабын жүргізеді; бастапқы статистикалық есеп құжаттарының (қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша есептік-статистикалық карточкалар және т.б.) жүргізілуін бақылайды; мемлекеттік статистикалық есептерді дұрыс және уақытында жасайды; сот төрағасымен бірге статистикалық есептердің толықтығы мен нанымдылығына жауапкершілік көтереді; сотқа келіп түскен ұсыныстардың, арыздардың, шағымдардың есепке алынуы мен тіркелуін және оларды орындау мерзімдерін бақылайды; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге, сондай-ақ сауалдар бойынша істердің жоғары тұрған сотқа уақытында жөнелтілуін бақылайды; республиканың және шет мемлекеттердің басқа соттарының халықаралық келісімдерге сәйкес келіп түскен сот тапсырмаларының орындалуын бақылайды, қылмыстық, азаматтық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, заттай дәлелдемелерді есепке алу мен сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылайды; жоғары тұрған соттардың нұсқауларының, өкімдерінің орындалуын бақылайды; сот әкімшісі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін әзірлейді және бөледі; сот төрағасына сот әкімшісі қызметкерлерінің арасында лауазымдық міндеттерді бөлу туралы ұсынысты енгізеді; жаңадан қабылданған сот әкімшісінің қызметкерлерін Нұсқаулықпен таныстырады; сот мұрағатының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды; сот төрағасының, судьялардың тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
718-0200@sud.kz
- 27.07.2023
- Павлодар қ., Жеңіс алаңы көшесі, 1
-
87182704520