Бөрлі аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы

Мемлекеттік орган

ҚР Сот әкімшілігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-5 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

167431

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Құқық және экономика негіздері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Кәсіптік оқыту
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Дәстүрлі музыка өнері
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида), негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іcтер, әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы іс және материалдарды, жүктелімдерді және журналдарды қабылдайды, есепке алады және олардың  сақталуын қамтамасыз етеді; материалдарды тіркеу, есепке алу, уақытылы қаралуын бақылау және статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу және құжаттар  арасында бумалар жүргізу, есептік құжаттардың дұрыстылығы мен анықтылығына жауапты болады; қызметтік  хат алмасуды жүргізу; ағымдағы құжаттаманы рәсімдеу; сот актілерін орындауға байланысты материалдарды тіркеу және уақытылы қаралуын бақылау, материалдар бойынша статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу, материалдарды мұрағатқа уақтылы өткізуді бақылау;  материалдарды автоматты түрде бөлу; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бipгe істерді жоғарғы тұрған сотқа жіберуді бақылауды жүзеге асыру, апелляциялық қарауға сотқа түскен сот істерін «Төрелік» бағдарламасында есептік тіркеу карточкаларын тиісті түрде уақтылы толтыру, бірінші сатылы сот инстанциясының сот актілерін сканерден өткізу, есептік тіркеу карточкаларына енгізу және оларды сайтқа орналастыру; келіп түскен хат-хабарлардың сәйкес орындаушыға келесі күннен кешікпей журналға сенімхат жазумен жіберілуін қамтамасыз етеді; іс қағаздарының талабы есебімен кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді және олардың жедел түрде өтуін қамтамасыз етеді, барлық шығыс хат-хабарларының уақтылы жіберілуіне жауапты, пошта белгілерінің сақталуын және мақсатты шығындалуын қамтамасыз етеді; мұрағатқа келіп түскен барлық сұраныстарды уақтылы орындайды, сот төрағасының және сот әкімшісі басшысының тапсырмалары бойынша басқа да кеңсе жұмыстарын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.07.2023 – 24.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу күні

28.07.2023

Сұхбаттасу орны

«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090006 Орал қаласы Н.Назарбаев көшесі, 204 үй

Анықтама алу үшін байланыс

87112554763