Атырау облысы Жылыой аудандық соты кеңсесінің бас маман - сот мәжілісінің хатшысы - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне – 25.08.2025 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

195302

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық

Қосымша талаптар

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

БЛОК (В).

Судьяның сот талқылауына істі дайындау кезінде қажетті жұмыстарды орындау (сұрау салуларды, хаттарды, соттың шақыру қағаздарының көшірмелерін дайындау және т.б.); процеске қатысушыларды және куәларды шақыру; істерді қараудың апта сайынғы кестесін жасау және оны сот кеңсесіне беру; сот отырысына келген адамдардың келуін тексеру және олардың шақыру қағаздарына сотта болу уақытын белгілеу; сот отырысының хаттамаларын жүргізу; оның толықтығы мен дұрыстығына жауапкершілік көтеру;процеске қатысушыларға  заңда белгіленген мерзімдерде тапсыруға жататын сот актілерінің көшірмелерін (шешімдерін, үкімдерін, қаулыларын) тарату немесе беру; процеске қатысушыларға және тараптарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарсылық беруге құқығын түсіндіре отырып, апелляциялық шағымдардың немесе наразылықтың көшірмелерін жіберу және хабарлау;үкімдерді, шешімдерді, сот бұйрықтары мен сот қаулыларын орындауға жолдау; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге істерді жоғары тұрған сотқа жіберу;процеске қатысушыларға апелляциялық сатыдағы сотта істің тыңдалатын күні туралы хабарлау; сот істерін белгіленген мерзімдерде сот кеңсесіне тапсыру; сот төрағасының, судьялардың, сот кеңсесі меңгерушісінің басқа да тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.01.2023 – 03.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.02.2023

Сұхбаттасу орны

Атырау облыстық сотының ғимараты, Атырау қаласы, К.Сатпаев, 62

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7122) 55-82-23, 55-82-14