Қаржы бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, А-6 лауазымдық денгейі, 1 бірлік): "Ұлытау облысы бойынша Соттар әкімшісі" РММ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты
Ұлытау облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлімінің жалпы басқаруын жүргізу; бастапқы құжаттар негізінде төлеуге жататын құжаттардың дұрыс рәсімделуі бойынша бақылау жүргізу; бюджеттік қаражаттын тиімді жіне ұтымды пайдалануына бақылау жүргізу; бөлім қызметкерлерінің функциональдық міндетерін анықтау; 15.05.1998 жылғы №217 нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есепті әзірлеу және ұсыну көрсетілген мерзімге сәйкес; қорларды, есеп айырысуларды және материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу, тауарлы-материалдық қорларды уақытылы және дұрыс анықтау және оларды бухгалтерлік есепте көрсету. Ұлытау облысы бойынша Соттар әкімшісіне, аудандық (қалалық) соттарға бөлінген қаражатты үнемдеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, қазына және мемлекеттік, тағы басқа мекемелермен соттардың жұмысын қамтамасыз ету мақсатында олардан заңда белгіленген тәртіпке сәйкес ақпаратты және құжаттарды алу; 1С:Кәсіпорын 8.2. бағдарламасында жұмыс жасау.
Блок Б
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 100600, Жезқазған қаласы, Гагарин көшесі, 42 үй, 13 кабинет
-
(7102) 76-78-78