"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
"СҚО, Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2026 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрі көрсетілді:
2025 жылы 81 мемлекеттік қызмет көрсетілді. ЭҮП арқылы 17, Е-лицензиялау порталы арқылы 64 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту - 1.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында орналастырылған.
Қызметтер ҚР "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде бұзушылық анықталды:
- мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу - 1 факт.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 12 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн көтеру және қызмет алушылардың қанағаттандырылуын арттыру мақсатында iшкi бақылауды және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу жоспарлануда.