Спорттық және гимнастикалық жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Спорттық және гимнастикалық жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спорттық жабдықтар мен мүкәммалдың, сондай-ақ гимнастикалық спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды пайдалану кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдады.

Осы бағытта:

  1. 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 175 «Спорттық жабдықтар мен спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру мүкәммалына қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентін бекіту туралы» бұйрық.

  2. 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 169 «Гимнастикалық спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жабдықтарына қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық талаптарын бекіту туралы» бұйрық.

Қабылданған құжаттар спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру саласында қолданылатын жабдықтар мен мүкәммалдың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды жүйелеуге, олардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және спорттық инфрақұрылымды қауіпсіз пайдалануға бағытталған.

Қауіпсіздік талаптарын белгілеу спортшылардың, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың, сондай-ақ спорттық объектілерге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі.

Қабылданған нормативтік құқықтық актілер спорттық жабдықтар мен мүкәммалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге мүмкіндік береді.

Аталған бұйрықтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін белгіленген тәртіппен жолданады.