Қазыбек Нөгербек халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде жоғары нәтиже көрсетті. 20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Турнирдің соңғы кезеңінде Қазақстанның екі гроссмейстері – Қазыбек Нөгербек пен 24 жастағы Әлішер Сүлейменов өзара кездесіп, тартысты ойын көрсетті.
Направления деятельности