ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КӨПСАЙЫСТА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КӨПСАЙЫСТА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Көркем гимнастикадан Ташкентте (Өзбекстан) лицензиялық Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Іріктеудің алғашқы күні топтық сында Қазақстан құрамасы бес шығыршықпен, екі доп, үш таспамен жаттығуда жалпы 61.30 ұпаймен 3-орын алып, финалға шықты. Финалдық жарыстар 4 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, сары құрлық бәсекесіне барлығы 17 елден 90-нан астам спортшы бақ сынауда.

Қызмет бағыты