АСЛАНБЕК ШЫМБЕРГЕНОВ АУЫР АЙҚАСТА БАСЫМ ТҮСТІ

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 71 келіде әлем чемпионы, ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов 1/8 финалда Байрамдурды Нұрмұхаммедовті (Түркіменстан) 3:2 есебімен жеңді.
Алғашқы раундта жерлесіміз қашықтықтағы басымдығын пайдаланып, 5:0 есебімен ұтты. 2-раундта түркімен өкілі толассыз шабуылдап, 4:1 есебімен тараз басын теңестірді. Шешуші раундта қос спортшы да барын салып, сәл ғана басымдықпен Асланбектің пайдасына шешілді.
Қызмет бағыты