ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ТУРНИР: 2 БОКСШЫМЫЗ 1/4 ФИНАЛҒА ӨТТІ

Бокстан Бусто-Арсицио қаласындағы лицензиялық турнирдің 7-ші жарыс күні аяқталды.
Бүгін жарыс жолын 75 келідегі Валентина Хальзова бастады. Ол 1/8 финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Бусра Исилдарды сенімді түрде 4:1 есебімен жеңді. Енді ширек финалды сәтті аяқтаса, Париж Олимпиадасына барады.
Кешкі сессияда жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Анета Ригельскаға шамасы жетпеді. Есеп: 1:4
Ал 92 келідегі Айбек Оралбай 1/8 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, тәжірибелі Хулио Кастильо Торрестен айқын басымдылығын танытып, 5:0 есебімен ұтты.
Айбектің келесі қарсыласы ретінде АҚШ-тың талантты спортшысы Джамар Таллей атанады.
Ертең 5 бірдей жерлесіміз 1/8 финалдық айқасын өткізеді.
10 наурыз күнгі жарыс кестесі:
17:00
50 келі. 🇰🇿 Алуа Балқыбекова - Чон Джухён 🇰🇷 (Оңтүстік Корея) — Ішкі біріншіліктің жаңа чемпионы
18:45
51 кг. 🇰🇿 Сәкен Бибосынов - Азат Махметов 🇧🇭 (Бахрейн атынан шығатын қазақ боксшысы)
19:15
80 келі. 🇰🇿 Нұрбек Оралбай - Алексей Алферов (Нейтральды спортшы) — 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері
23:30
57 кг. 🇰🇿 Сабырхан Махмұд - Жосуе Тирадо 🇵🇷 (Пуэрто-Рико)
00:30
71 кг. 🇰🇿 Асланбек Шымбергенов - Байрамдурды Нұрмұхаммедов 🇹🇲 (Түркіменстан)