Ұлттық құрама эстафетада күміс жүлдегер атанды

национальная сборная

Бүгін Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының 3-кезеңі аяқталды.

Қыздар арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан кейін 2-болып мәреге жетті. Алина Әжғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан мен Гүлдана ⁠Жалмұхан күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қола медаль Нидерланд құрамасына бұйырды.

А тобы, финал:
Оңтүстік Корея – 4:17.683 секунд
Қазақстан – 4:19.480
Нидерланд – 4:33.236

Қызмет бағыты