ЖҮЗУ. Қазақстан құрамасы жүзуден ТМД елдерінің II ойындарында алғашқы алтын медальды жеңіп алды

Беларустің Брест қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында жүзуден жарыстың екінші күні Қазақстан қоржынына бір алтын, екі күміс және екі қола медаль түсті.
Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды 100 м қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуден Максим Сказобцов әкелді.
⠀
100 м баттерфляй, жасөспірімдер
🥇Максим Сказобцов (Қазақстан)
🥈Кирилл Холкин (Беларусь)
🥉Максим Пронин (Ресей)
200 м аралас жүзу, қыздар
🥇Виктория Блинова (Ресей)
🥈Дария Токтобаева (Қазақстан)
🥉Анастасия Ермакова (Қазақстан)
4х100 м аралас эстафета, ерлер
🥇Ресей
🥈Қазақстан
🥉Беларусь
4х100 м аралас эстафета, қыздар
🥇Ресей
🥈Беларусь
🥉Қазақстан
Қызмет бағыты