Тағы бір қазақстандық Азия чемпионы атанды

Тағы бір қазақстандық Азия чемпионы атанды

Еркін күрестен 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Болат Сақаев өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновты ұтып, Азия чемпионы атанды. Есеп 7:4.

Айта кетейік, Сақаевтың қарсыласы Токио Олимпиадасында қола жүлде (74 кг) жеңіп алған тəжірибелі палуан.

Бұл біздің құраманың Астанада өтіп жатқан құрлық бəсекесіндегі 5 - алтын жүлдесі. Бұған дейін Санжар Досжанов, Жәмилə Бақбергенова, Эльмира Сыздықова мен Ибрагим Магомадов алтын медаль жеңіп алған.

Қызмет бағыты