Серік Қонақбаев АИБА президенттігіне үміткер атанды

Лозанна – Спорттық арбитражды сот, АИБА басшылығы Серік Қонақбаевты ұйымның төрағасы үміткерлері қатарынан негізсіз алып тастады деген шешім шығарды.
Бұған дейін, Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының басшысы төрағасы Серік Қонақбаевты AIBA төрағасына үміткерлер қатарынан шығарып тастаған болатын.
Осылайша, даңқты боксшы, сот арқылы алда қарашаның 2-3 күндері өтетін сайлауға түсе алады.
Естеріңізге салайық, бұған дейін, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі AIBA ұйымына мүше мемлекеттерге Серік Қонақбаевтың кандидатурасын қолдау бойынша хат жолдаған болатын.