Михаил Шайдоров - Лейк-Плэсидтегі Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері

Михаил Шайдоров - Лейк-Плэсидтегі Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері

Мәнерлеп сырғанаудан 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы, қазақстандық Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен Гран-придің кезеңінде екінші орынға ие болды.

Қысқа бағдарламадағы өнері үшін спортшымыз 89.67 ұпаймен, үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада 161.42 ұпай жинап, үздік шықты.

Жалпы есепте отандасымыз 251.09 нәтижесін көрсетіп, екінші орыннан көрінді.

🥇🇫🇷 Кевин Аймоз - 253.53 ұпай
🥈🇰🇿 Михаил Шайдоров - 251.09
🥉🇯🇵 Казуки Томоно - 245.57

Жарысқа барлығы 15 елден 60-тан астам атлет қатысты.

Направления деятельности