Садақ ату: Анастасия Солодовникова - III ТМД елдері ойындарының чемпионы

Әзірбайжанның Ханкенді қаласында өткен садақ атудан III ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды.
Біздің жүлдегерлер:
🥇Классикалық садақ ату - Анастасия Солодовникова финалда Мария Тараярованы (Ресей) 6:4 есебімен жеңді.
🥈Классикалық садақ ату - Қазақстан құрамасы (Райымбек Майқыбаев, Анастасия Солодовникова) финалда Беларусь командасына есе жіберді (4-5).
🥈Классикалық садақ ату - Қазақстан ерлер құрамасы (Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ, Рахымжан Қамар) финалда Ресей командасынан жеңілді (3-5).
Райымбек Майқыбаев жекелей сында қола жүлдеге таласта ресейлік спортшыға жол беріп, 4-сатыға жайғасты. Айта кетейік, спорттың бұл түрінен Қазақстан командасы сапында барлығы 6 мерген - Томирис Әбдірашит, Аружан Яхина, Анастасия Солодовникова, Рахымжан Қамар, Райымбек Майқыбаев, Әлихан Тұяқ келіп, сынға түсті.