Ойын бизнесін және лотереяны реттеу
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріСөйлеген сөздер
Барлық сөйлеген сөздерПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 09 шілде 2025Инфографика181 579 адам өзін құмар ойындардан шектеді
- 11 наурыз 2025СтатистикаКҮНДЕРЕК: 198 214 адам өзін құмар ойындардан шектеді
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 432 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілді. Кешенді жоспар 28 іс-шараны қамтитын төрт бағыттан тұрады. Төрт бағыттың бірі – лудоманияның алдын алуды ұйымдастыру. Оны орындау мақсатында келесідей шаралар іске асырылып жатыр:
- түрлі демографиялық топтар арасында құмар ойындарға деген құштарлықтың себептері мен ауқымы туралы республикалық деңгейде әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Жаппай сауалнамаға еліміздің түкпір-түкпірінен Қазақстан Республикасының 5 998 азаматы қатыстырылып, ойын бизнесі саласындағы және онымен байланысты салалардан 20 сарапшымен сұхбат жүргізілді.
Нәтижесінде, Қазақстан азаматтары арасында құмар ойындармен тұрақты түрде айналысатын адамдардың құмар ойындардың түрлеріне қарай болжамды саны келесідей:
- лицензиясы бар казино және ойын автоматтары залы – 459 444 адам;
- интернет-казино (Қазақстанда тыйым салынған) – 484 055 адам;
- лицензиясы бар букмекер кеңселері – 456 276 адам;
- лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселер – 494 019 адам;
- заңды лотереялар – 491 710 адам.
-оқушылар, студенттер және жастардың басқа санаттары арасында лудоманияның алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, қабылданды және мүдделі тараптарға жолданды;
- лудоманияның алдын алу үшін жастармен жұмыс істейтін жаттықтырушыларға жалпыға бірдей оқыту ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім беру ұйымдары мен әскери бөлімдердің 800-ден астам педагогы мен психологтары қатысты;
- мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары құрылды. Ата-аналардың оқу бағдарламасына «Ойын және интернетке тәуелділіктің, лудоманияның алдын алу» бөлімі енгізілген (1-11 сынып ата-аналарына арналған 24 сабақ, жүйелілік – айына 2 рет);
- 6 мыңнан астам мектеп тәрбие жұмысының жоспарына білім алушылар арасында интернетке тәуелділіктің, құмар ойындардың, лудоманияның және геймингтің алдын алу бөлімін енгізді;
- діни қызметшілер діни бірлестіктерге келушілер арасында құмар ойындардың зияны және олардың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр (мысалы, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы 1 миллионнан астам діндарды қамти отырып, 4 мыңнан астам іс-шара өткізді);
- Ғылым және жоғары білім министрлігінің желісі бойынша 2024 жылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жоғары оқу орындарымен
«Салауатты өмір салты үшін!» флешмобы, денсаулық фестивалі, «Бірінші курс студенті» спартакиадасы секілді жалпы 400 іс-шара өткізілді;
- Қорғаныс министрлігінің желісі бойынша әскери бөлімдер мен мекемелер қолбасшылығымен 38 дөңгелек үстел, 7 конференция, 14 жиналыс ұйымдастырылды, 16 919 әскери қызметшімен сұхбат және әңгімелесу өткізілді.
Құмар ойындар мен бәс тігудің теріс әсерін азайту мақсатында 2020 жылы «Ойын бизнесі туралы» Заңға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі норманы енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді, оған сәйкес жеке тұлға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектей алады.
Заңда жиырма бір жасқа толған азаматтарға 6 айдан 1 жасқа дейінгі құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу мүмкіндігі қарастырылған.
Заңның тиісті нормалары күшіне енген сәттен бастап (2020 жылғы 13 шілдеде) электронды өтініш енгізілгенге дейін тізімге 3300-ден астам адам енгізілді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың наурыз айынан бастап Туризм және спорт министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, ҚР азаматтарын құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше шектеу бойынша автоматтандырылған қызмет іске қосылды.
Ол арқылы Қазақстан азаматтары eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы өтініш бере алады.
Электрондық өтінім енгізілгеннен ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін құмар ойындарға қатысудан және (немесе) бәс тігуден өзін-өзі шектеуге 174 мыңнан астам өтініш берілді.
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы уәкілетті органға өтініш беру арқылы, өзін алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектей алады.
Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық-цифрлық қолтаңба қамтылуға тиіс. Берілген өтініш қайтарылуға немесе кері қайтарып алуға жатпайды.
Сондай-ақ, жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органға мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдар тізіміне енгізу туралы өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Сонымен қатар, «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 15-1-бабының 4-тармағына сәйкес Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының азаматы шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.








