Әлеуметтік әріптестік шеңберінде ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ

Жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі-ХЕҰ) бастамасы бойынша 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн қоғамның назарын еңбекті қорғау саласындағы проблемаларға, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурулар мен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар деңгейіне аударады.

Жыл сайын еңбекті қорғау күні өзекті тақырыптар мен маңызды міндеттерге арналады. Ол еңбек саласындағы негізгі принциптер мен құқықтар ретінде қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы тақырыбына арналады.

Қазіргі уақытта еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтарға, мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін болдырмау, бірігу еркіндігі және ұжымдық келіссөздер құқығын нақты қабылдау, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы, балалар еңбегіне, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салу жатады.

Еңбек қауіпсіздігі және жұмыскерлер денсаулығы мәселелерін шешуге назар аудару, осы үрдіске барлық жұмыскерлерді тарту мақсатында Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ХЕҰ бастамасын қолдауды және Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні шеңберінде көпшілік пікірталастар, тақырыптық көрмелер, сондай-ақ дөңгелек үстелдер өткізу сияқты бейінді іс-шаралар циклін, сондай –ақ  әлеуметтік әріптестік тараптарының, кәсіподақ көшбасшыларының, еңбекті қорғау саласындағы мамандардың қатысуымен өткізуді ұсынады.

Сіздерді осы күнді бізбен бірге атап өтуге және түсініктемелерде өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісуге шақырамыз.

Басталу уақыты

14 сәуір 2023

Соңғы күні

28 сәуір 2023

Оқиға түрі

Хабарландыру