Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы
Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін 10 мемлекеттік қызмет, оның ішінде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы 6 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 3 қызмет, тікелей бөлім арқылы қағаз жүзінде 1 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады.
2021 жылға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға жергілікті бюджеттен 236.0 мың теңге қаржы қаралып, 17 отбасының 19 адамына төленіп толық игерілді.
2021 жылға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға республикалық бюджеттен 12 млн 733 мың теңге қаржы, жергілікті бюджеттен 4 млн 619 мың теңге қаржы қаралып, 59 отбасы, 295 адамға 17 млн 352 мың теңге тағайындалып төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыдағы 1 мен 6 жас аралығындағы балаға республикалық бюджеттен 3 млн 271 мың теңге қаржы және жергілікті бюджеттен 1 млн 986 мың теңге қаржы қарастырылып, 45 отбасы, 68 балаға әлеуметтік пакет таратылды.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын 5 мүгедек балаға материалдық көмек тағайындауға 121 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге 5 мүгедек балаға тағайындалып, 121 мың теңге төленді.
Ақтоғай аудандық маслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» №470 шешіміне сәйкес, арнайы комиссияның шешімі арқылы әлеуметтік көмек тағайындалуға жергілікті бюджеттен 21 млн 031 мың 570 теңге қаржы қарастырылып, 2021 жылдың 7 айында Әлеуметтік мәні бар ауруымен ауыратын 344 адамға бір жолғы материалдық көмек және ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуына орай 41 адамға 21 млн 025 мың 386 теңге теңгеге бір жолғы материалдық көмек берілді.
Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдармен награталмаған 69 адамға 50 мың теңгеден 3 млн 450 мың теңге; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан 2 адамға 100 мыңнан 200 мың теңге; Ауған соғысының 9 ардагеріне 100 мың теңгеден 900 мың теңге; Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезіндде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған 2 әскери қызметкерге 100 мыңнан 200 мың теңге; Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен оларың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқыны 1 адамға 200 мың теңге; Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушалырдың әйелдеріне 2 адамға 50 мыңнан 100 мың теңге; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен наградталған 3 адамға 100 мың теңгеден 300 мың теңге; Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 5 адамға 100 мың теңгеден 500 мың теңге; Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын 4 адамға 10 мың теңгеден 40 мың теңге төленді.
Ақтоғай аудандық маслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» №470 шешіміне сәйкес, арнайы комиссияның шешімі арқылы қазан айының бірінші жексенбісі қарттар күніне орай 75 жастан асқан 497 қарт адамға 5000 теңге көлемінде 2 млн 485 мың теңге , қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай І,ІІ топтағы 371 мүгедек адамға 5000 теңгеден 1 млн 854 мың 170 теңге әлеуметтік көмек берілді.
Ақтоғай аудандық маслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» №470 шешіміне сәйкес, Ақтоғай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көпбалалы және аз қамылған 23 отбасыға 246 мың 444 теңге әлеуметтік көмек берілді.
Ғимараттарды бейімдеу бойынша 2021 жылға 19 ғимаратты толық 100 %-ға бейімдеу жоспарланып, 19 ғимарат 100%-ға бейімделді.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы аясында 29 мүгедекке жеке көмекші тағайындалып, 20 млн 163 мың 373 тенге төленді.
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне бүгінгі күнде 155 жалғызілікті қария, 23 мүгедек тартылып оларға 35 әлеуметтік қызметкер, 2 консультант, 1 бөлімше меңгерушісі қызмет көрсетуде.
Басшы Е.Жанкабылов
Уважаемый услугополучатель, Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы в целях определения уровня удовлетворенности качеством оказания государственных услуг проводится онлайн анкетирование. Вы можете оценить государственную услугу, полученную в текущем году, выбрав из списка Ваших услуг перейдя по этой ссылке https://m.egov.kz/survey
Анонс
Уважаемые услугополучатели, Агентством Республики Казахстан
по делам государственной службы в целях определения уровня удовлетворенности качеством оказания государственных услуг в 2021 году проводится онлайн анкетирование на площадке «Открытый диалог».
Просим принять активное участие в анкетировании.