Меню

Страницы

Статья

Информация о проделанной работе

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2021 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында атқарған жұмыстары туралы

 

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін 10 мемлекеттік қызмет, оның ішінде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы 6 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 3 қызмет, тікелей бөлім арқылы қағаз жүзінде 1 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады. 

2021 жылға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға жергілікті бюджеттен 500.0 мың теңге қаржы қаралып, І-ІІ тоқсанда 11 отбасына 135,1 мың теңге тағайындалып төленді.

2021 жылға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға республикалық бюджеттен 55 млн 665 мың теңге қаржы, жергілікті бюджеттен 16 млн теңге қаржы қаралып, І-ІІ тоқсанда 43 отбасы, 212 адамға 11 млн 024 мың теңге тағайындалып төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыдағы 1 мен 6 жас аралығындағы 103 балаға республикалық бюджеттен 7 млн 224 мың теңге қаржы және жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаржы қарастырылып, І-ІІ тоқсанда 34 отбасы, 45 балаға әлеуметтік пакет таратылды.

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын 7 мүгедек балаға материалдық көмек тағайындауға 240 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге 5 мүгедек балаға тағайындалып, 74 мың теңге төленді.

Ақтоғай аудандық маслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» №470 шешіміне сәйкес, арнайы комиссияның шешімі арқылы әлеуметтік көмек тағайындалуға жергілікті бюджеттен 11 млн 914 мың теңге қаржы қарастырылып, 2021 жылдың 7 айында Әлеуметтік мәні бар ауруымен ауыратын  251 адамға бір жолғы материалдық көмек және ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуына орай 9 адамға 1 млн 473 мың теңгеге бір жолғы материалдық көмек берілді.

Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдармен награталмаған  69 адамға 50 мың теңгеден 3 млн 450 мың теңге; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан 2 адамға 100 мыңнан 200 мың теңге; Ауған соғысының 9 ардагеріне 100 мың теңгеден 900 мың теңге; Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезіндде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған 2 әскери қызметкерге 100 мыңнан 200 мың теңге; Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен оларың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқыны 1 адамға 200 мың теңге; Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушалырдың әйелдеріне 2 адамға 50 мыңнан 100 мың теңге; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен наградталған 3 адамға 100 мың теңгеден 300 мың  теңге; Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 5 адамға 100 мың теңгеден 500 мың теңге; Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын 4 адамға 10 мың теңгеден 40 мың теңге төленді.

1 қазан қарттар күніне орай  75 жастан асқан 490 қарт адамға 5000 теңге көлемінде 2 млн 450 мың теңге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай  І,ІІ топтағы 366 мүгедекке 5000 теңгеден 1 млн 830 мың теңге әлеуметтік көмек берілді.

 

Оңалтудың жеке бағдарламасы  іс-шараларының орындалуы жөніндегі мәліметтер

Протездік-ортопедиялық  құралдарға мұқтаж 57 мүгедек, оның ішінде қамтылғаны 22 мүгедек 38,6 %-ды құрап отыр.

Сурдотехникалық құралдар бойынша мұқтаж мүгедектер саны 19, оның ішінде қамтылғаны 17 мүгедек 89,5 %-ды құрап отыр. 2 мүгедектің құралына тапсырыс берілген, алайда тапсырыс алушы қоймада құралдары болмағандықтан тапсырысты қабылдамай отыр.

Тифлотехникалық құралдарға мұқтаж 35 мүгедек, қамтылғаны 32 мүгедек 91,4 %, кресло-коляскаға мұқтаж 10 мүгедек, қамтылғаны 8 мүгедек, 80 %-ды құрап отыр. Санаторий-курорттық емдеуге мұқтаж 99 мүгедектің 51 қамтылды 51,5 %, 29-і карантинге, денсаулығына байланысты емделуге барудан бастартты. 22 мүмкіндігі шектеулі тұлға «Әлеуметтік қызметтер порталы»  арқылы баратын санаторияларын таңдап, брондап қойды. Жеке көмекші қызметі бойынша мүгедектерден 34 өтініш түсіп барлығы жеке көмекші қызметімен қамтылып отыр.

Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж 59 мүгедек, оның ішінде қамтылғаны 55 мүгедек 93,2 %-ды құрап отыр.

Ғимараттарды бейімдеу бойынша 2021 жылға 19 ғимаратты толық 100 %-ға бейімдеу жоспарлануда. Ғимарат иелеріне аудан әкімінің орынбасары А.Аманжоловтың қолымен  30.03.2021 жылы №2-1/269 санды хаты жолданды. Қазіргі таңда 100%-ға бейімделген ғимарат жоқ.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне бүгінгі күнде 104 жалғызілікті қария, 23 мүгедек тартылып оларға 24 әлеуметтік қызметкер, 2 консультант, 1 бөлімше меңгерушісі қызмет көрсетуде.

Дата публикации
15 октября 2021
Дата обновления
15 октября 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

26 августа 2024
Нормативные правовые акты, определяющие порядок оказания государственных услуг
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Информация
15 октября 2021
Портал социальных услуг

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы