Ай сайын Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тізімдері негізінде Мансап орталығы, пробация қызметі бөлімі, жергілікті полиция қызметі және әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлерінің қатысуымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен кездесулер өткізіледі.
Жыл басынан бері 5 кездесу өткізілді, 78 адам шақырылды (3 ақпан, 24 ақпан, 24 сәуір, 2 шілде, 30 шілде). Кездесу барысында жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы квота бойынша мақсатты топтарды жұмыспен қамту шеңберінде жұмысқа орналастыру жоспарланған:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 9 адам, оның ішінде 9 адам немесе 100 % жұмысқа орналастырылды;
пробация қызметінің есебінде тұрған 9 адам, оның ішінде 9 адам немесе 100 % жұмысқа орналастырылды.
Көкшетау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау,әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу қағидаларына (Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 шешімі)сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 61 адамға біржолғы көмек көрсетілді (АЕК 4325 × 15 = 64 875 теңге), жалпы сомасы 3 951 480 теңгені құрады.
Бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 31 мамыр, 2026 жылғы 01 шілдеде «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары Көкшетау қаласының Мансап орталығының мамандарымен бірлесіп № 6 мекемеге барды.
Кездесу барысында сотталған азаматтармен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мәселелері бойынша түсіндіру әңгімесі жүргізіліп, сондай-ақ қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.
2026 жылы 27,03, 2026 жылы 30.03., 2026 жылы 17.06., 2026 жылы 24.06. әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.
2026 жылы 01.04., 2026 жылы 26.06. қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өткізілді.
Көкшетау қаласының кәсіпорындарына барып, ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2%-дан 4% - ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мүгедектігі бар 1127 адамға сауалнама жүргізілді.
«Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталында бос орындар мен еңбек шарттарын орналастыру бойынша қала кәсіпорындарымен ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін кәсіпорындармен қолданыстағы қызметкерлерді толық тағайындай отырып, штаттық кестелерді енгізу және электрондық еңбек шарттарын толтыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, еңбек тәуекелдері картасының жоғары және орташа тәуекелдер шкаласында тұрған кәсіпорындармен қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу мәселелері бойынша ұсынымдық сипаттағы жұмыстар жүргізілуде.
Еңбек тәуекелдері картасына сәйкес әлеуметтік төлемдер бойынша қалыптасқан берешекке байланысты Көкшетау қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарына хаттар дайындау және жолдау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарының болмауына байланысты сәйкессіздіктері бар кәсіпорындармен жұмыс жүргізілуде.
2026 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің, Ақмола облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығының «Көкшетау қаласының мансап орталығы» филиалының және Ақмола облысының кәсіпкерлер қауымдастығының қатысуымен «Атамекен» Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында қала кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2026 жылғы 10 маусымда халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында «Парыз» және «Еңбек жолы» республикалық конкурстарына қатысу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс берушілердің «ПАРЫЗ-2026» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсына және «Еңбек жолы» конкурсына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, Көкшетау қаласы әкімдігінің ресми сайттарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және Instagram әлеуметтік желісінде хабарландыру жарияланды.
2026 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша «Парыз» конкурсына 3 өтінім түсті:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша – «Асыл Арман» ЖШС;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша – «Камаз Инжиниринг» АҚ;
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша – «Гормолзавод» ЖШС.
«Еңбек жолы» конкурсына барлық үш номинация бойынша – «Еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Үздік жас қызметкер» – 10 ұйым мен кәсіпорыннан 23 адамға қатысты өтінім қабылданды.
2026 жылғы 29 сәуірде Болашақ Сарайы Оқушылар сарайында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу, ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру, бірыңғай цифрлық платформаны енгізу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру бойынша еңбек заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді, Салық Кодексіндегі өзгерістер туралы, Әлеуметтік аударымдарды төлеудің дұрыстығы туралы, Көкшетау қаласының сақтандырылмаған тұлғаларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту, «Еңбек Жолы» және «Парыз» конкурстарының негізгі талаптары мен міндеттері бойынша семинар кеңес өткізілді.
Кездесу барысында еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркеу, ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру тәртібі, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушыларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды толық әрі уақтылы есептеу және төлеу қажеттілігі жөнінде ақпарат берілді.
2026 жылғы 3 ақпанда Көкшетау қаласы бойынша 2026 жылға арналған Ұлттық жобалар мен тұжырымдама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі бағдарламалар әкімшілерімен кеңес өткізілді.
2026 жылы Көкшетау қаласы бойынша 5 Ұлттық жоба мен тұжырымдама шеңберінде 9 жоба бойынша 495 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған (оның ішінде 98 тұрақты, 397 уақытша).
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 545 жұмыс орны құрылды, бұл жалпы жоспардың 110,1 %-ын құрайды.
Апта сайын кәсіпорындарға өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарымен жасасу мәселесі бойынша хаттар жолданады.
Ақмола облысы бойынша ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің хатын орындау мақсатында кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін «Халықтық бақылау» және «Тік бақылауды» енгізу туралы кәсіпорындарға хаттар жіберілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
А.Г. Балаеваның тапсырмасын орындау шеңберінде кәсіпорындар бөлінісінде кадрларға деген қажеттілікті болжау бойынша сауалнама жүргізу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстан босатылған қызметкерлерге, толық емес жұмыс күніне және Көкшетау қаласының кәсіпорындарында жұмысшыларға жалақы бойынша берешектерге мониторинг жүргіледі.
Жыл басынан бері 7 кәсіпорында 26 адам қысқартылды, оның ішінде 14 адам жұмысқа орналастырылды, 4 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр, қалғаны өтініш білдірмеді.
Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының мәліметтері бойынша Көкшетау қаласында жалақы бойынша берешек жоқ.
Меншік нысанына қарамастан, қаланың жасалмаған кәсіпорындарымен және ұйымдарымен ұжымдық шарттарды жасасу және мерзімдерін ұзарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
2026 жылғы 01.09. жағдай бойынша ағымдағы жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда Көкшетау қаласы бойынша 2106 Ұжымдық шарт жасалды және жұмыс істейді, бұл Көкшетау қаласы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы санының 96,7 % құрайды, кәсіпорындар саны- 2176. Ұйымдар мен кәсіпорындарға қолда бар ұжымдық шарттарды цифрландыру, сондай-ақ оны цифрландыруды және Электрондық еңбек биржасының enbek.kz порталында орналастыруды (тіркеуді) қамтамасыз ету жөнінде хаттар жіберіледі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының төмендеуіне жол бермеу бойынша ЕХӘҚК, МӘСҚ және жергілікті атқарушы органдардың бекітілген өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес мәліметтер жиналады.
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 2026 жылға жұмысқа орналастыру үшін белгіленген жұмыс орындары квотасын орындау мақсатында квотаға енгізілген Көкшетау қаласының жұмыс берушілерімен кеңес өткізілді. Кеңеске қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, пробация қызметі бөлімі, Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы және Көкшетау қаласының Мансап орталығы өкілдері қатысты.
«Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша барлығы 2554 өтініш түсті, оның ішінде: 2006 мақұлданды (299 – ұзарту, 1707 – беру), 548 бас тартылды (82 – ұзарту, 466 – беру). кері қайтарып алуға 66 өтініш түсті.
ШЖК, БҚА, Е-өтініш (азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы) базаларымен, сонымен қатар сектордың заңнамалық базасымен жұмыс жүргізілуде.
Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның 2026 жылғы 10 маусымдағы № 1 хаттамасына сәйкес Көкшетау қаласындағы құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу және тексеру мақсатында жұмыс тобы құрылды.
2026 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша келесі құрылыс нысандарына бару жүзеге асырылды: ЖК «Муталиев И.М.», «Beton Story Construction» ЖШС, «ORDA Kokshetau» ЖШС, ЖК «Есетов С.О.», «Prolog Systems» ЖШС, «СтройТех IC»ЖШС.
Балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізу үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемесінің, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің, Көкшетау қаласы Полиция басқармасының (ювеналдық полиция), сондай-ақ Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының өкілдері кірді.
2026 жылғы 03 шілдеде, 14 шілдеде, 22 шілдеде жұмыс тобы қалалық саябақта, жағалауда, вокзалда, орталық базарда болып, жасөспірімдерге олардың еңбек құқықтары мен ресми жұмысқа орналасу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылардың барлығына ақпараттық буклеттер таратылды.