Депутаттар балаларды Жаңа жылмен құттықтады

Облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко тұрақты комиссиялардың төрағалары Сәуле Сураганова және Ольга Клишинамен бірге балаларды келе жатқан Жаңа 2025 жылмен құттықтады.
Депутаттардың сыйлықтары мерекені асыға күткен балалар үшін нағыз тосын сый болды. Депутаттар балалар мен олардың ата-аналарын құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық және оқуда табыс тіледі.