Облыстық мәслихаттың 19 сессиясы өтті
Облыстық мәслихаттың кезекті 19 сессиясы өтті. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылдың өткен кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы баяндады.
Облыс әкімі қатты су тасқынының салдарына қарамастан экономиканың тұрақты өсуі және су тасқынынан қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зардап шеккен халықты қолдау бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте жүзеге асырылып жатқан бірнеше жобалар, сондай-ақ өңірдің негізгі жетістіктері депутаттар назарына ұсынылды.
Өңір басшысы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа үйлер салынып, жолдар жөнделіп, сумен жабдықтау жүйелері жаңартылып жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында атқарылған жұмыстар туралы айтып, жылыту маусымының өтуіне тоқталды.
Депутаттар өңірдің өзекті әлеуметтік мәселелерін көтеріп, сұрақтар қойды.
Кездесу соңында Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай облыстың дамуына үлес қосқан депутаттарды марапаттау рәсімі өтті.