Мәслихаттың кезекті сессиясы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 15 сессиясы өтті.
Күн тәртібінде 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев баяндама жасады.
«Бюджет қаражаты бірінші кезекте облыс азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, атап айтқанда оларды әлеуметтік қолдауға, денсаулық пен білімге бағытталды, осыған байланысты облыстық бюджет әлеуметтік бағдарланған бюджет болып табылады»,- деді баяндамашы.
Осы мәселе бойынша облыстық бюджеттің атқарылуы қорытындысымен Тексеру комиссиясының төрағасы Қайрат Сейітқожаев сөз сөйледі.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Сәуле Сұрағанова мен депутат Мақсат Құдратуллаев өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы ұсыныспен сөз сөйледі.
2021-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысын дамыту Жоспарын іске асыру туралы экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов баяндады.
Депутат Бейбіт Сыздықов Өңірді дамыту жоспарының орындалуы бойынша қорытындымен сөз сөйледі.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев облыстың қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы ұсыныспен сөз сөйледі. Сонымен қатар облыстық жер комиссиясының жаңа құрамы қалыптастырылды.
Қаралған барлық мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала егжей-тегжейлі талқыланды. Сессия қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.