Тұрғындармен кездесу

Облыстық мәслихат депутаттары сайлаушылармен тұрақты негізде кездесулер өткізеді. Депутат Сәуле Сураганова Мамлют ауданында болып, Воскресеновка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жеке қабылдау барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын сұрақтармен жүгінді.
Сондай-ақ, Сәуле Қуандыққызы аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп Мәдениет үйін күрделі жөндеу барысымен танысты. Жергілікті мердігер компания құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес сапалы орындауда. Құрылысшылар екі жылға жоспарланған жобаны мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр.