БІЗДІҢ КҮШІМІЗ-БІРЛІКТЕ!

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ-БІРЛІКТЕ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді»,- деген болатын.

Күрделі кезең басталғаннан бері облыстық мәслихат депутаттары су басу қаупі төнген елді мекендерді қорғауға өз үлестерін қосуда.

Қазір Есіл өзенінде қалыптасқан қауіпке байланысты Петропавл қаласының маңында және аудандарында бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Мәслихат депутаттары шетте қалмай, облыс тұрғындарымен бірге су тасқынына қарсы іс-шараларда еңбек етуде.