Сайлаушылармен кездесу

Сайлаушылармен кездесу

№ 7 сайлау округі бойынша депутат Сәуле Сұрағанованың Мамлют ауданы Воскресеновка ауылының тұрғындарымен кездесуі сайлаушыларды облыстық мәслихаттың атқарған жұмысы және қабылданған шешімдер туралы хабардар ету мақсатында өтті.

Кездесу барысында депутат тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ жеке қабылдау өткізді, оның барысында тұрғындардың проблемалық мәселелері айтылды.

Кездесу соңында депутат жөндеу жұмыстарының сапасымен және бюджет қаражатын игерудің тиімділігімен танысты.

Мұндай кездесулер мен сайлаушыларды хабардар ету депутаттардың сайлаушылар алдындағы ашықтығы мен жауапкершілігін қамтамасыз етудің маңызды тетіктері болып табылады. Олар депутат пен оның сайлаушылары арасында диалог орнатуға, сондай-ақ тұрғындарға қабылданған шешімдерге ықпал етуге және өз сұрақтары мен ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік береді.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты