Баспасөз туры

Облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сәуле Сұрағанова Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті ұйымдастырған баспасөз турына қатысты.
Қатысушылар «Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының көлемі ағымдағы жылы 2,2 млрд теңгеден асады, ол пайдалану мерзімі өткен электр желілік инфрақұрылымды ауыстыруға бағытталатын болады. Бүгінгі таңда желілердің тозу деңгейі 95% құрайды.
Кәсіпорынның алдын ала есептеулері бойынша тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету үшін алдағы бірнеше жылда ауқымды жөндеу жұмыстарына арналған инвестициялық бағдарламаның жыл сайынғы сомасы кемінде 11 миллиард теңгені құрауы тиіс.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты