Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

Азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

         Депутаттар билік пен қоғамның әріптестігін нығайтуға өз үлестерін қосуда. Сайлаушылардың өтінімдерін орындау және олардың өтініштерін шешу арқылы олар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырады.

        Сайлау учаскелері бойынша, облыс орталығында және облыс ауылдарында азаматтардың жеке қабылдаулары өткізіледі. Сондай-ақ, депутаттар тұрғындарды Аmanat, Ақ жол, Ауыл партияларының өңірлік филиалдарының қоғамдық қабылдауларында қабылдайды.

        Азаматтардың өтініштерін есепке алу жүргізіледі, олардың орындалуын бақылау жүйелендірілген. Депутаттар екі жүзге жуық азаматты қабылдады, 150-ден астам мәселе оң шешілді.

        Мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдарға 30-дан астам депутаттық сауал жолданды.

        Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат Владимир Бубенко сайлаушылармен кездесіп, кезекті жеке қабылдауды Қызылжар ауданы Бескөл селосының тұрғындарымен өткізді.

         Сонымен қатар, Владимир Степанович біздің өңірдің барлық тұрғындарын облыстық мәслихаттың төрағасы ретінде қабылдайды. Бұл жолы Петропавл тұрғындары депутатқа өз ұсыныстары мен өтініштерімен жүгінді.

         Жеке қабылдауға қатысқан барлық азаматтар депутаттан толық жауап және түсіндірме алды. Алайда, азаматтардың мәселелерін шешу үшін депутаттар заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерге депутаттық сауалдар жіберу құқығын да пайдаланады.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты