Өңірдің даму жоспары - бақылауда

Облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Кезекті сессия қарсаңында бірқатар облыстық әкімдіктің басқармалары депутаттар алдында есеп берді
Облыс әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының 2022 жылға арналған облысты дамыту және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі туралы баяндамалары тыңдалды.
Басқармалар өкілдері өткен жылы қол жеткізген нәтижелермен қатар, сала бойынша орын алған проблемалық сұрақтар туралы да баяндады. Орындалмаған тармақтар бойынша түсініктемелер жасалды.
Комиссияда талқыланған мәселелер алдағы бірлескен отырыста және сессияда жан-жақты қаралатын болады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты