«АМАNАТ» партиясының өңірлік Жол картасының жобасы талқыланды

«АМАNАТ» партиясының өңірлік Жол картасының жобасы талқыланды

         Облыстық мәслихаттың төрағасы Владимир Бубенко «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламаларын іске асыру бойынша өңірлік Жол карталарының жобаларын тыңдау отырысына қатысты.

         Бұл жиынға Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов, Дмитрий Колода, облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов және облыс әкімдігінің басқарма басшылары қатысты.

         Өңірдегі «АМАNАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаларын іске асыру жөніндегі Жол картасы жобасын қорғау барысында филиал төрағасы Әсем Рахметова «Партия межеленген уақытта кемінде 30 мың жұмыс орнын құруды, 51 инвестициялық жобаны іске асыруға қол жеткізуді, 7 мектеп, 46 денсаулық сақтау нысанын салу мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, «AMANAT» 5 жыл ішінде халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету, сапалы жолдардың үлесін 78-ден 95%-ға дейін арттыру, 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге жәрдемдесу міндетін қойды»,- деді.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты