«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ құрылымы шығармашылық дамыту бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327921

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Мәдени-тынығу жұмысы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «БАҚ туралы» Заңдары, мәдени саясат тұжырымдамасы, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін, басқару психологиясының, стратегиялық жоспарлау мен талдаудың, жобалық менеджменттің негіздерін білу

Функционалды міндеттер

- облыс аумағында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

- шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

- облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

- дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

- шығармашылық даму бойынша облыстық мекемелермен, мәдениет және өнер кәсіпорындарымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен жұмыс;

- мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

- сала қызметі бойынша анықтамалық-талдамалық ақпаратты дайындау;

- мемлекеттік мерекелерді, фестивальдерді, кәсіби және көркемөнерпаздар шығармашылығының конкурстарын дайындау және өткізу;

- жетекшілік ететін саласы-облыс театрлары, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы;

- ұлттық-мәдени орталықтармен байланысты жүзеге асырады;

- ҚР заңнамасына сәйкес мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

- мәдениет саласы бойынша баяндамалар мен ақпараттар жинағын дайындау;

- кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық комиссияға, КБА-ға, ҚР-да үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі ұлттық жоспарға, ЖҚТБ-ның, темекі шегудің алдын алу жөніндегі, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бағдарламаларға, мәдениет объектілері желісін дамыту бағдарламаларына материалдар дайындау;

- медиа-жоспардың, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылау, ақпараттық-насихаттау топтары шеңберінде басқарма басшысының жұмысын қамтамасыз ету;

- басқарма қызметін ақпараттық сүйемелдеу;

- мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері;

- жақын және алыс шет елдермен мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарларын, меморандумдарды дайындау;

- көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (Үлгілі) атағын беруге өтінімдер қабылдау мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы және сапалы жауап беруге дербес жауапты болады;

- бөлімнің қызметін үйлестіреді, құжат айналымының жүргізілуін, орындаушылық тәртібін бақылайды.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.11.2022 – 06.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

08.12.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституция к-сі,58 107 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

87152504497