«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-нің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы (2 бірлік)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының Заңнамасын, «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін білу.
Функционалды міндеттер
Өз жұмысын апта сайын жоспарлап, оның орындалуына қол жеткізеді; аудандар және Петропавл қаласы бойынша басқарма басшысының бұйрығына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларға және кәсіби ауруларға арнайы тергеу жүргізеді; азаматтардың шағымдары мен өтініштерін, сондай-ақ жұмыс берушілердің еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды; ұжымдық шарттардың мониторингін жүргізеді; кәсіби білім мен дағдыларды үнемі арттырады; облыс ұйымдарында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізеді, орындалуы міндетті нұсқамалар береді және әкімшілік істерді қарайды. Ұжымдық шарттардың мониторингін жүргізеді. БЖТ базасын жүргізеді, «Еңбекті қорғау» ААЖ базасын өзектендіреді. Басқарма басшылығының өкіміне сәйкес қызметтік іссапарларға шығады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексі нормаларының мүлтіксіз сақталуы үшін дербес жауапты болады.
А функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zh.gabbasova@sko.gov.kz
- 07.12.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституция к-сі,58 107 кабинеті
-
87152340216