«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-нің әкімшілік-құқық бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін).
Функционалды міндеттер
Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес берілген құқықтар шегінде бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтайды. Ұйымдастыру-құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңестер береді. Басқарманың ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз етеді. Орындаушылық тәртіптің жай-күйін талдайды және бақылауды жүзеге асырады. Облыстық семинарларға, кеңестерге, отырыстарға материалдар дайындауға қатысады. Талап-арыз жұмысын жүзеге асырады, талап-арыздарды жасайды, апелляциялық және қадағалау шағымдарын, прокуратура органдарына өтініштер дайындайды. Сот органдарына қатысады. Шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етеді.
Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық сот сатыларында шағымдану бойынша уақытылы шаралар қабылдайды.
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.karimzhan@sko.gov.kz
- 14.11.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 107 каб.
-
(87152)50-16-79