«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ-сі еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс

Қосымша талаптар

Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының Заңнамасын, «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін білу.

Функционалды міндеттер

Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда еңбек туралы, халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді және олардың уақтылы жойылуын бақылайды; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің бұзылуына ықпал ететін себептер мен мән-жайларды талдайды, оларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар дайындайды; Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; ; ҚР еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін қарайды; ұжымдық шарттардың мониторингі; аудандар және Петропавл қаласы бойынша жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады; Басқарма басшылығының өкіміне сәйкес қызметтік іссапарларға шығады; еңбек заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғаларға белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдар салады. Бірыңғай жиынтық төлем базасы арқылы тексерулерді тіркеуді, «Еңбекті қорғау» ААЖ базасын өзектендіруді жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексі нормаларының мүлтіксіз сақталуы үшін дербес жауапты болады.

А функционалдық блогі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.10.2022 – 07.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

09.11.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 107 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216