"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ-сі халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы (уақытша,қызметкердің 24.02.2024 жылға дейін декреттік демалыс кезеңіне).
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тиісті санат бойынша тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
2. «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңын, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысын, Халықты жұмыспен қамту жол картасын білу.
Функционалды міндеттер
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту орталықтарына Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын, Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады, халықты уақытша жұмыспен қамтуды жүргізу және ұйымдастыру бойынша түсініктемелер дайындайды; Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасының жобасын дайындауға қатысады.
1Т, 2Т нысандары бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы мемлекеттік статистикалық есептілікті қалыптастырады. Облыс бойынша алдағы уақытта жұмыстан босатылатындар туралы мәлімет қалыптастырады. Бөлімнің негізгі бағыттары бойынша мәліметтерді жинақтайды. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және халықты жұмыспен қамту орталықтарының «Еңбек нарығы» ААЖ, «Жұмыс орындарын құрудың ықпалдастырылған картасы» ААЖ-ға және «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталға деректер енгізу бойынша жұмысын үйлестіреді, ұйымдастырады;
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру бойынша мониторинг жүргізеді.
А функционалдық блогі.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.sharipova@sko.gov,kz
- 09.11.2022
- СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 107 кабинеті
-
87152504497