Солтүстік Қазақстан облысы аппаратының инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау секторының бас маманы (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

      «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,                                     Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. Мемлкеттік тілде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты білу.

Функционалды міндеттер

Облыстың, аудандардың және Петропавл қаласының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жасауға және талдауға.

     Облыстың, аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды және қорытынды көрсеткіштері бойынша ай сайынғы негізде қызметтік жазбалар мен талдамалық материалдарды қалыптастыруға.

     Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жұмысын талдауға (қызметтік жазба түрінде енгізеді).

     Облыс басқармаларының стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған жүйесін жетілдіру, әкімшілік-аумақтық даму мәселелері бойынша сындарлы ұсыныстар әзірлеп, енгізуге.

     Облыстық және аудандық БАҚ-ға талдау және мониторинг жүргізуге, нәтижесі бойынша күнделікті негізде жағымсыз және дау тудырған ақпарат бойынша жедел ақпарат беруге.

      Облыс әкімінің, аппарат басшысының жұмыс сапарларының және облыс әкімі бас инспекторларының іссапарларының тізілімін жүргізуге.

     Облыс әкімінің аудандарға жұмыс сапарларына және нысаналы сапарларына, сондай-ақ ол қатысатын кеңестерге талдамалық материалдар дайындауды жүзеге асыруға.

     Облыс әкімінің, аппарат басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етуге.

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің және өзге де мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша материалдар дайындауды жүзеге асыруға.

    Аппарат басшысын, аппарат басшысының жетекшілік ететін орынбасарын, бөлім басшысын, бас инспектор-сектор меңгерушісін қадағаланатын аудандардағы, Петропавл қаласындағы және жергілікті атқарушы органдардағы жағдай туралы тұрақты негізде хабардар етуге.

В функционалдық блогі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.10.2022 – 31.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

02.11.2022

Сұхбаттасу орны

СКО Петропавл қ. Конституции Казақстан 58 к. 107 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152) 340216