«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Қосымша талаптар

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға тиісті санаттар үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымды мамандандыруға сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін; ҚР Бюджет кодексін, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын білу.

Функционалды міндеттер

бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық ету; бөлімнің жұмыс жоспарын құру; облыстық бюджеттік комиссияның жұмыс жоспарын құру; облыстық бюджеттік саясат, жоба және облыстық бюджетті нақтылау бойынша облыстық бюджеттік комиссияның хаттамаларын дайындау; өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына үш жылдық кезеңге бюджеттік параметрлер мен бюджеттік саясат болжамын дайындау, облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы болжамды трансферттер көлемдерін анықтау; облыс бюджетінің және облыстық бюджеттің жобасын жасау, облыстық бюджетті бекіту, нақтылау және түзету бойынша жұмысты ұйымдастыру; облыс бюджеті мен облыстық бюджет жобасы, облыстық бюджетті нақтылау, бекіту бойынша материалдарды дайындау және жергілікті атқарушы органдарға, облыстық бюджеттік комисияға, қоғамдық кеңеске, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына қарауға ұсыну; бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарлы үш жылдық кезеңге шығыс лимиттерін, жаңа бастама лимиттерін қалыптастыру; бюджеттің шығыстар лимитін облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу; облыстық бюджеттің жобасы, оны бекіту, нақтылау бойынша соңғы нұсқаны әзірлеу және оны облыс әкімдігінің, облыстық бюджеттік комиссияның және облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсыну; облыстық бюджеттің жобасы, оны бекіту, нақтылау бойынша түсініктеме жазбалар және қосымшаларымен әкімдіктің қаулылар жобаларын дайындау және келісу; жоспарлы кезеңге облыстық бюджетті нақтылау және бекіту бойынша түсініктеме жазбалар және қосымшаларымен мәслихаттың шешімдер жобаларын дайындау; түсініктеме жазбахаттар және қосымшаларымен облыстық бюджет жөніндегі мәслихат шешімдерін іске асыру туралы облыс әкімдігінің қаулы жобаларын дайындау; облыс әкімдігінің бюджеттік саясат мәселелері жөніндегі қаулы жобаларын дайындау; облыстық мәслихаттың бюджеттік саясат мәселелері жөніндегі шешім жобаларын дайындау; аудандық қалалық бюджеттердің кезекті қаржы жылына бекітілген бюджетті қорғауын ұйымдастыру; Азаматтық бюджетті дайындау және облыс әкімдігі мен облыстың қаржы басқармасның интернет-ресурстарында жариялау; облыс бюджеті және облыстық бюджет бойынша, жалпы облыс бойынша бекітілген және нақтыланған бюджет бойынша, облыстық бюджет, аудандар мен Петропавл қаласының бюджеттері бойынша аналитикалық таблицалар дайындау; салалық бөлімдермен бірлесіп, бюджет бойынша баяндамалар, сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктеме жазбалар дайындау; даму бюджеті, бюджеттік сала қызметшілерінің саны мен еңбекақы қоры, жалпы сипаттағы трансферттер бойынша тоқсан сайынғы жиынтық ақпаратты дайындау және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсыну; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, облыс әкімдігінің және басқа да жоғары тұрған органдардың бақылауындағы тапсырмалар мен құжаттарды орындауды ұйымдастыру; салалық бөлімдермен бірлесіп, бюджеттік заңнамаға, Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау әдістемесіне, Жергілікті бюджет жобаларын құру қағидасына, Жергілікті бюджеттің атқарылуы қағидасына, Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ескертулер мен ұсыныстар дайындау.

А блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.10.2022 – 31.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

02.11.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к, 107 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)50-44-97