СҚО Ақжар ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
100696 - 136444
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Информатика
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және үйлестіру. Жастар саясаты бойынша аймақтық бағдарламалдарды жүзеге асыруға қатысу. Аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша консультативтік-кеңес орган қызметтерін қамтамасыз ету. Аудандық соғыс және тыл ардагерлері кеңесінің, ішкі саясат бөлімінің, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмысын үйлестіру. Мерзімді басылымдарға жазылу бақылау жүргізу. Қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктермен өзара қатынас мәселелерін үйлестіру. Мемлекеттік жастар саясатының облыстағы ақпараттық-аналитикалық ұсынысына материалдар дайындау. Жастар саясаты саласындағы басқару схемасын жетілдіруді жүзеге асыру бойынша ағымды және перспективалық мәселелер мен сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау. Аудан әкімімен жастар өкілдерінің кездесуіне жәрдем көрсету. Аудан әкіміне жартыжылдықта бір рет орындалған жұмыстар жөнінде есеп дайындау. Ауданның экономикалық, әлеуметтік, мәдениеті және саясаты өміріндегі жастар жағдайы мәселелері бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру. Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу бойынша жүзеге асыру шаралары. Жастар өткізген мәдени көпшілік іс шараларда, «дөңгелек үстелдерде», конференцияларда және акцияларда қатысу. Облыстық жастарға қатысты аудан әкімдігінің сайты бөлігін толықтыру бойынша жұмыстар. Жастар ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобаларының жүзеге асыру сапасын мониторингілеу. Аудан әкімі орынбасарының бекітуіне кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның, аудан әкімдігі жанындағы халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің, аудан әкімдігі жанындағы эвакоқабылдау комиссиясының, аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің, аудандық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссия жанындағы балалар мен жасөспірімдердің суициалдық жүріс-тұрысын алдын алу жөніндегі мобильдік топтың жұмыс жоспарларын дайындайды. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімі орынбасарының келушілерді қабылдауды есепке алу карточкаларын жүргізеді. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның жұмысы туралы аудан әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөліміне ай сайын есеп тапсырады. Кіріс құжаттармен ағымды жұмыстар. Комиссияларға хатшы: Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің; аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның; аудан әкімдігі жанындағы халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің; аудан әкімдігі жанындағы эвакоқабылдау комиссиясының, аудан әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның балалар мен жасөспірімдердің суициалдық жүріс-тұрысын алдын алу жөніндегі мобильдік топтың.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.03.2020
- Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы ауданы Талшық ауылы, Целинная көшесі, 15
-
8(71546)21632