"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" КММ-сі жоспарлау-қаржы бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетін құрастыру мәселелері бойынша бөлім жұмысын бақылайды, жоспарлайды және ұйымдастырады, әкімшісінің стратегиялық және операциялық жоспарларын, бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жинақ жоспарын, ведомствоға қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жеке қаржыландыру жоспарларын әзірлейді, оларға есептер дайындайды, олардың негіздемелерін, колданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін қамтамасыз етеді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізеді. Ведомствоға қарасты мекемелер мен кәсіпорындарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, жиналыстар өткізеді, ведомствоға қарасты ұйымдарды ақпараттық материалмен жабдықтайды, алқа отырысының материалдарын дайындайды. Жергілікті атқарушы органдармен жетекшілік ететін сұрақтар бойынша хат алмасады, мекеме басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімгерінің бюджеттік мәлімдемелерін құрастырады, сәйкес есептерді жоспарлайды. Бюджеттік бағдарлама әкімгерінің бюджеттік сұранысын құрастырады, сәйкес есептерді жоспарлайды. Бағдарламалар әкімгерінің бюджетін нақтылауға материалдар дайынды, бюджет мониторингін және олардың нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекеменің төлемдері мен міндеттемелері бойынша қаржаландыру жоспарларын өзгертуге сұраныс құрастырады,  бағдарлама әкімгері бюджетінің орындалуы туралы тоқсандық, жылдық, ай сайынғы, жедел есептерді дайындайды. Ұйымның бухгалтерлік есеп және есеп беру мәселелерін жүргізеді. Дебиторлық және кредиторлық қарыздарына, салық және бюджеттік заңнаманың сақталуына бақылау жүргізеді, басқарма аппаратының тоқсандық және жылдық есеп беруін құрастырады. Мүліктерді түгендеу бойынша мәліметтерді жүргізуді және өндеуді қамтамасыз етеді. Спорт саласында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секциялардағы мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржылық түрде сүйемелдеу бойынша жұмысты үйлестіреді Басқарманың негізгі қызметі бойынша  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру сұрағын үйлестіреді.    

В функционалдық блогі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.10.2022 – 06.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

10.10.2022

Сұхбаттасу орны

СКО, г.Петропавловск, ул.Конституции Казахстана,58 кабинет 122

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216